Accessibility links

Ресей "шетел агенті" туралы заң жобасын қарамақ


Ресей мемлекеттік думасы алдында тұрған сарбаздар. (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы алдында тұрған сарбаздар. (Көрнекі сурет).

Ресей мемлекеттік думасы шетелден қаржы алатын бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ-ты) "шетел агенті" ретінде қарастыратын заң жобасын қарайды.

Құжат шетелден грант алатын барлық БАҚ оқырмандарына қаржы көзі туралы хабардар етуді міндеттейді. Заң жобасы бойынша, кірісінің 50 пайыздан астамы шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдар мен шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан түсетін БАҚ "шетел агенті" деген анықтама алады.

Заң жобасы парламентке 2012 жылдың шілдесінде және қарашасында екі рет түскен еді. Өткен жылдың қараша айында думаның ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс комитеті депутаттарға бұл заң жобасын кері қайтаруды ұсынған.

Бұдан бұрынырақ Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес БАҚ-ты "шетел агентіне" телитін заң жобасын Ресей конституциясы мен Еуропаның адам құқықтарын қорғау туралы конвенциясына қайшы келеді деп мәлімдеген.

"Заң жобасының мақсаты Ресей қоғамының шынайы талап-тілегінен туындап отырған жоқ" дейді президент жанындағы кеңес.
XS
SM
MD
LG