Accessibility links

Украинада шеру өткізуге қарсы заң жобасы мақұлданды


Украина парламентінің отырысы. Киев, 16 қаңтар 2014 жыл.
Украина парламентінің отырысы. Киев, 16 қаңтар 2014 жыл.
Украина парламенті 16 қаңтарда наразылық шерулерін шектейтін заң жобасын қабылдады. Бұған қоса депутаттарды жауапқа тарту тәртібін жеңілдететін заңға түзетулер де мақұлданды.

Заң жобасы мен оған енгізілген өзгертістерді Еуропа Одағы мен еуропалық шенеуніктер "демократияға қауіп төндіреді" деп сынады.

Еуропа Одағының Украинадағы елшісі Ян Томбинский құжаттар талапқа сай электронды дауыс арқылы емес, қол көтеріп қолдау көрсету жолымен қабылданды деп айыптады. Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт парламент Украинадағы еркіндікті "қатты шектеді" деді.

Заң жобасы бойынша, рұқсатсыз шатырлар тігіп, митинг өткізгендер немесе көпшілік алдында сөз сөйлегендерге енді 640 АҚШ долларына дейін айып тағылады немесе олар 15 тәулікке қамалады.
XS
SM
MD
LG