Accessibility links

Каирде жарылыстан үш адам қаза тапты


Бүгін Каирде қалалық полиция басқармасының алдында көлік жарылып, үш адам қаза тапты. Египеттің "МЕНА" агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 40-тан астам адам зардап шеккен. Жақын маңдағы ғимарат бүлінген.

Жарылыстан кейін оқиға болған маңда атыс естілген.

France Press агенттігінің хабарлауынша, жарылысқа жауапкершілікті "Әл-Қаида" тобымен байланысы бар "Ансар Бейт әл-Маглис" радикалды исламшыл тобы мойнына алған.
XS
SM
MD
LG