Accessibility links

Египетте қақтығыстардан 49 адам қаза болды


Хосни Мүбәрәктың биліктен кетірілгеніне үш жыл толуына байланысты шараға қатысушылар. Египет, 25 қаңтар 2014 жыл.
Хосни Мүбәрәктың биліктен кетірілгеніне үш жыл толуына байланысты шараға қатысушылар. Египет, 25 қаңтар 2014 жыл.
Сенбі күні Египетте Хосни Мүбәрәктың биліктен кетірілгеніне үш жыл толуына байланысты өткізілген шаралар барысында кемінде 49 адам көз жұмған.

Бүгін Египет денсаулық сақтау министрлігі кеше шерушілер мен полиция күші арасындағы қақтығыстар салдарынан 250-дей адам жарақат алғаны туралы хабарлады. Елдің ішкі істер министрлігі кешегі акцияларда мыңнан астам адам ұсталғанын мәлімдеді.

Сенбі күні елдің әр түкпірінде өткен жиындарға мыңдаған адам қатысқан. Олардың кейбірі қазіргі уақытша әскери билікке қолдау танытса, енді бір бөлігі исламшыл күштерді жақтап, Мұхаммед Мурсиді бостандыққа шығаруды талап еткен.

Мүбәрәк биліктен құлаған соң Египетте ұзақ жылдардан бері алғаш рет демократиялық жолмен өткізілген сайлау нәтижесінде ел президенті болып сайланған Мұхаммед Мурсиді былтыр шілде айында әскерилер биліктен кетірген еді.
XS
SM
MD
LG