Accessibility links

Сахалин шіркеуінде екі адам оққа ұшты


Сахалиндегі қыс мезгілі. (Көрнекі сурет)

Сахалиндегі қыс мезгілі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейдің Сахалин облысында қарулы ер адам Оңтүстік және Курил епархиясының бас шіркуіне кіріп оқ жаудырып, кемінде екі адамды өлтірген.

Оқиға салдарынан шіркеудің діни қызметшісі - Людмила есімді монах әйел мен шіркеуге құлшылық етуге келген ер адам қаза тапқаны хабарланды. Оқ тиіп жараланған алты адам ауруханаға түскен.

Қарудан оқ атқан адам сол жерде ұсталған. Әзірге билік орындары оның аты-жөні мен қылмысқа не себеп болғаны туралы ақпарат таратқан жоқ.

Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, ұсталған адам 1989 жылы туған, жергілікті жекеменшік күзет фирмаларының бірінде жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG