Accessibility links

Алматы әкімінің жиынына Азаттық тілшісін кіргізбеді


Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен есептік жиынына Азаттық тілшісін кіргізбеді.

Есімовтің есептік жиыны Республика сарайында өтіп жатыр. Есептік кездесуге барған тілшінің айтуынша, сарай есігінде тұрған полицейлер "іште орын жоқ, адам көп екенін" айтып, тілшіні кіргізбеген. Республика сарайының айналасында полицейлер қарауылдап жүр.

Жиынға кіргізбей жатқаны туралы "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының мүшесі Қуаныш Есімбетов те хабарлады.

Бүгін таңертең блогерлер Дмитрий Щелоков, Ринат Қибраев және Нұрәлі Айтеленов өздерін полиция ұстап әкеткенін хабарлаған еді. Олар бүгін Алматы қаласы әкімінің есептік жиынына бармақ болғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG