Accessibility links

Пәкістан астанасы Исламабадтың орталығында аудандық сотқа шабуыл жасалып, 11 адам қаза тапты. Ресми орындардың хабарлауынша, шабуылдан 20-дан астам адам жараланған. Сот ғимаратында атыс пен жарылыс үні естілген.

Оқиға болған аумақ қоршауға алынды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, полиция өкілі қарулы белгісіз топ ғимараттың судьялар мен адвокаттар отырған бөлігін басып алғанын, қол гранатасын да қолданғанын айтқан.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Пәкістанда "Талибан" жасақтарының белсенділігі соңғы кездері күшейіп кеткен еді. Бірақ Исламабадта мұндай шабуыл көптен бері болмаған.
XS
SM
MD
LG