Accessibility links

Назарбаев Ресейдің Украинаға қатысты саясатына пікір білдірді


Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Владимир Путин. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге сапары қарсаңында, 10 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттің ресми сайтының хабарлауынша, Назарбаев "Қазақстан стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын" айтқан.

Қазақстан президенті "мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін" білдірген.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз қызметі 11 наурызда Назарбаев Мәскеуде "халықаралық маңызды мәселелерді" талқылау үшін Путинмен келіссөздер өткізеді деп хабарлаған еді.

Өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Беларусь президенті Алексендр Лукашенко Мәскеуде Кеден Одағына қатысты мәселелерді талқылаған.
XS
SM
MD
LG