Accessibility links

Қазақстан БҰҰ-да Украина бойынша дауыс беруде қалыс қалды


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Бас Ассамблеяның жиынын тастап шығып барады. Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Бас Ассамблеяның жиынын тастап шығып барады. Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында "Украинаның территориялық тұтастығы" туралы қарарды қабылдау үшін дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды. Дауыс беруден соң Қырымның бөлінуі туралы референдум заңсыз деп танылды.

Қарарды қолдап БҰҰ-на мүше 100 мемлекет дауыс берді, 58 мемлекет қалыс қалды, 11-і құжатқа қарсы дауыс берді. Қарсы шыққандардың ішінде Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Зимбабве, Куба, Никарагуа, Ресей, Сирия, Солтүстік Корея мен Судан бар.

Бас Ассамблеяның сессиясында бірінші болып Украинаның сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дещица сөйледі. Ол әлемдік деңгейде мойындалмаған Ресейдің Қырымды аннексиялау әрекеті қауіпсіздік бойынша халықаралық келісімдерге елеулі нұқсан келтіргенін айтты. Андрей Дещицадан соң Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин сөз сөйлеп, өз елінің әрекетін ақтап алуға тырысты. Чуркин БҰҰ қабылдаған қарарды «теке-тірес тудырушы» және «Қырымдағы референдумға күмән келтіруші» деп сипаттады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарарынан айырмашылығы - Бас Ассамблеяның қарарына ешбір мүше-мемлекет вето қоя алмайды. Бұл қарар заңды тұрғыда орындалу міндетін жүктемейді, бірақ әлеумдік қауымдастықтың позициясын білдіреді.
XS
SM
MD
LG