Accessibility links

Франция үкіметі отставкаға кетті


Франция ішкі істер министрі Мануэль Вальс.
Франция ішкі істер министрі Мануэль Вальс.
31 наурыз күні Франция үкіметі отставкаға кетті. Өйткені президент Франсуа Олландтың социалистік партиясы 30 наурыз күні өткен жергілікті билік органдарының сайлауында жеңілген еді.

Үкіметтің отставкаға кететіні туралы премьер-министр Жан-Марк Эйро мәлімдеді. Франция президенті Олланд премьер лауазымына ішкі істер министрі Мануэль Вальс тағайындалатынын хабарлады.

Франциялық ақпарат құралдарының дерегіне қарағанда, Вальстің тұрғындар арасында беделі жоғары. Өйткені ол қоғамдық тәртіпті қорғау жолында қатаң шараларды қолданады.

Франция үкіметінің сайлаудан кейін отставкаға кетуі кездейсоқ оқиға емес. Қоғамдық пікірге жасалған талдауларға қарағанда, биліктің экономикалық проблемаларды шешуге деген қадамдарынан көңілі қалған көптеген француздар консервативтік саясаткерлер мен иммиграцияға қарсы шығып жүрген әсіреоңшыл күштерді қолдап дауыс берген.
XS
SM
MD
LG