Accessibility links

Украинада кепілге алынған ондаған адам босатылды


Ресейшіл наразы топ Луганскідегі жергілікті қауіпсіздік қызметінің бөлімшесінде баррикада құрып жатыр. Луганск, Украина, 8 сәуір 2014 жыл.

Ресейшіл наразы топ Луганскідегі жергілікті қауіпсіздік қызметінің бөлімшесінде баррикада құрып жатыр. Луганск, Украина, 8 сәуір 2014 жыл.

9 сәуірге қараған түні Украинаның Луганск қаласында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, бұған дейін сепаратистер басып алған мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жергілікті басқармасы ғимаратынан 51 адам кепілден босап шықты. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.

​Қазір ғимаратты толықтай босату жөнінде келіссөздер жалғасып жатыр. Бірнеше депутатқа басып алынған ғимаратқа кіруге рұқсат етілді.

Бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметі "сепаратистер ғимаратқа жарылғыш құрылғы орнатып, 60-қа жуық адамды күштеп ұстап отыр" деп хабарлаған еді. Билік олардан кепілге алынғандарды босатуды, ғимаратты жарылғыш заттардан тазартуды және қаруларын тапсыруды талап етіп отыр.

Бірақ сепаратистер ғимаратта жарылғыш құрылғы барын жоққа шығарады.

6 сәуір күні ресейшіл демонстранттар Донецк мен Харьковтегі үкімет үйлерін басып алған. 8 сәуір күні Украина арнайы жасағы Харьков облыстық әкімшілігін басып алған адамдардан босатты.
XS
SM
MD
LG