Accessibility links

Павел Дуров: ФСБ үлесімді сатуға мәжбүрледі


Павел Дуровтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасы.

Павел Дуровтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасы.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров компаниядағы үлесін сатуға өзін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мәжбүрлегенін мәлімдеді.

«ВКонтакте» желісіндегі парақшасында Дуров ФСБ өзінен Украинадағы Еуромайдан белсенділері туралы ақпараттарды беруді талап еткенін, бірақ ол талапты орындаудан бас тартқанын жазады.

«Мені көп нәрсені құрбан етуге, оның ішінде компаниядағы үлесімді сатуға еріксіз мәжбүрледі» деп жазған Дуров.

Қаңтар айында Павел Дуров «ВКонтакте» компаниясындағы 12 пайыз акциясын Кремльге жақын олигарх Алишер Усмановтың серігі Иван Тавринге сатқан.
XS
SM
MD
LG