Accessibility links

Сирияда француз журналистер босатылды


Солдан оңға: Дидье Франсуа, Эдуар Элиас, Пьер Торрес және Николя Аннэн.
Солдан оңға: Дидье Франсуа, Эдуар Элиас, Пьер Торрес және Николя Аннэн.
Сирияда төрт француз журналисі босатылды. Оларды бір жыл бұрын ұрлап әкеткен. Франция президентінің кеңсесі "төртеуінің де денсаулығы жақсы" деген хабар таратты.

Николя Аннэн, Пьер Торрес, Эдуар Элиас және Дидье Франсуаны 2013 жылы маусым айында "Ирак және Левант ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары ұрлап әкеткен еді.

Түркия ақпарат құралдарының хабарлауынша, журналистер 19 сәуір күні Сирия-Түркия шекарасынан табылған. Олардың көзін, қолдарын байлап, далаға тастап кеткен. Президент Франсуа Олланд кеңсесі олардың Францияға бүгін жеткізілетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG