Accessibility links

Прокуратура: Гитлер жайлы жазған журнал тексеріледі


«Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған №8 саны сатылып тұрған дүңгіршек. Алматы, 18 сәуір 2014 жыл.

«Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған №8 саны сатылып тұрған дүңгіршек. Алматы, 18 сәуір 2014 жыл.

Адольф Гитлерге нөмір арнаған "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналына қатысты Алматы қалалық ішкі істер департаменті қосымша тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Прокуратура хабарламасында "Журналдың аталған санына қатысты Алматы қалалық ІІД қосымша тексеру жүргізіп жатыр. Журнал материалында ұлттық жаулық немесе араздықты қоздыру және экстремизмді насихаттау белгілері бар-жоғын анықтау үшін тиісті сот сараптамасын тағайындау жайы шешілуде. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады" делінген.

"Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналы сәуір айындағы нөмірінде Адольф Гитлер туралы қарама-қайшы мақалалар жариялаған соң дауға қалды.

Қазақстанның байланыс және ақпарат агенттігі журналдың бұл санындағы материалдарда "Конституция заңдарын бұзушылық пен әлеуметтік араздық тудыру белгілері байқалатынын" мәлімдеген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) журналдың Гитлер туралы нөмір шығаруын "мүлдем орынсыз және өрескел жайт" деп санайтынын мәлімдеді.

Мұның алдында Ресейдің Астанадағы елшілігі Қазақстан СІМ-не "Аңыз адам" журналының сәуір айында шыққан санына қатысты наразылық нотасын жіберген еді.
XS
SM
MD
LG