Accessibility links

Ердоған армян геноцидіне қатысты көңіл айтты


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясының күштері қолынан қырғынға ұшыраған бір жарым миллион армянның ұрпақтарына көңіл айтты.

Тоғыз тілде, оның ішінде армян тілінде де жарияланған мәлімдемеде Ердоған "Бірінші дүниежүзілік кезінде болған оқиға - бәрімізге ортақ қайғы. 20 ғасыр басында өмірінен айырылған армяндардың жаны бақұл болсын" делінген.

Түрік премьері ел тарихында бірінші рет аталған құрбандарға көңіл айтып отыр.

Армяндар 24 сәуірді Осман империясы тұсында түріктердің этникалық армяндарды жаппай қырғынға ұшырату науқанын бастаған күн ретінде еске алады. Армяндардың айтуынша, 1915 жылы 24 сәуірде Түркия астанасы Стамбулда империя құрамындағы жүздеген армян зиялы қауымы тұтқындалып, қуғынға айдалды. Қуғында олардың көпшілігі қаза тапты. Қырғын бұдан бірнеше айдан соң қайта жалғасты.

Бұл қырғын 330 шақырымдық ортақ шекарасы бар Түркия мен Арменияның дипломатиялық байланыс орнатуына кедергі жасап келеді. Түркия ол кезеңде екі жақтан да бірдей қылмыстар болғанын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.
XS
SM
MD
LG