Accessibility links

Ресейдің несие рейтингі төмендеді


Standard & Poor's халықаралық агенттігінің кеңсесі. Нью-Йорк. (Көрнекі сурет).
Standard & Poor's халықаралық агенттігінің кеңсесі. Нью-Йорк. (Көрнекі сурет).
Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің несие рейтингін "ВВВ" деңгейіне дейін түсіріп, алда бұл көрсеткіш жақсара қоймайды деген болжам жасады. Агенттік "Ресейге қатысты мұндай шешім шығаруына Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейден капиталдың сыртқа кету қаупі себеп болды" дейді.

2014 жылдың алғашқы тоқсанында Ресейден сыртқа кеткен капитал көлемі өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда екі есеге көбейіп, 50,6 миллиард АҚШ долларына жеткен.

Ресей үкіметінің бағалауы бойынша, 2014 жылы елден 70-100 миллиард АҚШ доллары көлемінде капитал сыртқа кетуі мүмкін.

Мемлекеттің несие рейтингі экономикалық ахуалдың маңызды көрсеткіші саналады және ол мемлекеттің немесе компанияның әлемдік нарықта несие ала алу мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.
XS
SM
MD
LG