Accessibility links

Донецкіде украинашылдар шеруіне шабуыл жасалды


Ресейшіл қарулы топтар Украинаның бірлігін қолдаған шерушіні соққыға жығып жатыр. Донецк, 28 сәуір 2014 жыл.
Ресейшіл қарулы топтар Украинаның бірлігін қолдаған шерушіні соққыға жығып жатыр. Донецк, 28 сәуір 2014 жыл.
Донецкіде Украина мен Донецкінің бірлігін қолдаған шеруге ресейшіл сепаратистер шабуылдап, соңғы ақпараттар бойынша оннан астам адам жараланды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бетперде мен камуфляж киген, арматура және бейсбол таяқтарымен қаруланған ондаған адам шамамен 200 адам шыққан шеруге шабуыл жасаған. Қала билігі оқиғадан кемінде 14 адам жараланғанын айтады. Журналистер жараланғандардың көпшілігінің басына зақым келгенін хабарлайды. Кейбір деректер бойынша, шабуылдағандар "Ресей! Ресей!" деп ұрандатқан.

Полиция әуелде ресейшіл топтарды тоқтатуға тырысқанымен, кейін демонстранттардың таяқ жеуіне назар аудармаған.

Донецкіде ресейшіл сепаратистер бірқатар үкімет ғимараттарын басып алған.
XS
SM
MD
LG