Accessibility links

Украинадағы сепаратистер референдум күнін өзгертпеді


Ресейшіл шерушілер баррикадасы маңында газет оқып отырған адам. Донецк, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейшіл шерушілер баррикадасы маңында газет оқып отырған адам. Донецк, 7 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің "Луганск халық кеңесі" Луганск облысының тәуелсіздігі туралы референдумды бәрібір 11 мамырда өткізетіндерін хабарлады. Олардың сөзінше, референдум өткізу туралы шешім бірауыздан қабылданған.

8 мамыр күні сәл ертерек Донецк облысындағы ресейшіл белсенділер де референдум өткізетін күнді ауыстырмайтындарын хабарлаған. «Украинская правда» газетінің дерегінше, Донецкідегі сепаратистер тұрғындарға ешқандай мөрі, қорғаныш белгісі жоқ дауыс беру бланкісін таратып жүр.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысы Андрей Парубийдің айтуынша, елдің шығысындағы антитеррористік операциялар сепаратистердің шешімдеріне қарамай жалғаса береді.

7 мамырда Ресей президенті Владимир Путин "Украинаның оңтүстік-шығысын федерализациялау жайлы 11 мамырда референдум өткізуді жақтаушылар ол шараны кейінге қалдыруы керек" деген еді.
XS
SM
MD
LG