Accessibility links

Түркияда шахтада қаза тапқандар саны 301-ге жетті


Сомадағы қақтығыс. 16 мамыр 2014 жыл.
Сомадағы қақтығыс. 16 мамыр 2014 жыл.
Түркияның батысындағы Манис аймағында апат болған шахтадағы құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл шахтада 13 мамыр күні жарылыс болған еді. Сенбі күні құтқарушылар тағы екі кеншінің мәйітін тапты. Энергетика министрі Танер Йылдыз "жер астында енді кеншілер қалған жоқ" деді. Соңғы мәлімет бойынша, апаттан барлығы 301 кенші қаза тапты. 485 жұмысшы құтқарылды.

Сома қаласындағы шахта апатынан соң елдің түкпір-түкпірінде наразылық шерулері өтті. Шеруге шыққан жұрт апатқа кінәлі үкімет екенін айтады.

16 мамыр күні Сомадағы наразылық шеруін тарату үшін полиция су мен газ шашқан.

Көптеген адамдардың шеруге шығуына Режеп Ердоғанның көмекшісінің апат орнында бір шерушіні тепкен видеосы да түрткі болды.
XS
SM
MD
LG