Accessibility links

Ирактағы сайлауда премьер коалициясы басым түсті


Ирак премьер-министрі Нури әл-малики парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Бағдад, 30 сәуір 2014 жыл.
Ирак премьер-министрі Нури әл-малики парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Бағдад, 30 сәуір 2014 жыл.
Иракта 30 сәуір күні өткен парламент сайлауында премьер-миинстр Нури әл-Малики бастаған коалиция алға шықты.

19 мамыр күні жарияланған сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, әл-Маликидің "Құқықтық мемлекет" блогы парламенттегі 328 орынның 92-сін иеленген. Шииттік діни қайраткер Муктада әл-Садрдың серіктері 28 орынға ие болған. Тағы бір шииттік ықпалды діндар Аммар әл-Хакимнің жақтастары 29 депутаттық орынды иеленген.

Сарапшылар бұған дейін Нури әл-Маликидің коалициясы парламенте басым көпшілік орынға ие болады деп күтпеген еді. Енді премьер-министр басқарушы коалицияны құру үшін басқа саяси партиялармен келіссөздер жүргізуі керек.

Ирактың кейбір аймақтарында, оның ішінде үкіметке қарсы күштер бақылауындағы Фаллуджада сайлау өткен жоқ.
XS
SM
MD
LG