Accessibility links

Олигарх Донбасс жұмысшыларын шеруге шақырды


Украиналық олигарх Ринат Ахметов.
Украиналық олигарх Ринат Ахметов.
Украина олигархы, "Систем Капитал Менеджмент" холдингінің иесі Ринат Ахметов Донбасс кәсіпорны жұмысшыларын өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" билігіне қарсы ескерту ереуіліне шығуға шақырды.

Ахметов Донбасс көшелерінде адамдардың "ашық түрде автомат және гранатомет асынып жүре беретінін" айтып, қантөгіс пен мойындалмаған билікті жақтаушылардың "тонаушылықпен айналысып, бейбіт тұрғындарды ұрлап жатқанын" айыптаған.

Олигархтың үндеу жасауына ресейшіл сепаратистердің Донецк теміржол басқармасы мен Мариупольдегі жағдайды бақылауға алуы себеп болған.

19 мамыр күні қаланың 50 мыңға тарта тұрғыны "Бейбітшілік шеруіне" шықпақ болған. Бірақ өзін-өзі жариялаған биліктің бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атуы мүмкін екені жайлы хабар тараған соң акция тоқтатылған.

Ахметов барлық жұмысшы кәсіподақтарын 20 мамыр күні ескерту ереуіліне шығуға шақырып, ереуіл кәсіпорындарда қоңырау соғылғаннан кейін басталатынын және аймақта бейбітшілік орнағанша күн сайын ереуіл болатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG