Accessibility links

Грибаускайте: Литва президенті сайлауында жеңдім


Литваның қазіргі президенті, президенттікке кандидат Даля Грибаускайте.
Литваның қазіргі президенті, президенттікке кандидат Даля Грибаускайте.
Литвада 25 мамыр күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі ел президенті Даля Грибаускайте жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Сайлау бюллетеньдерінің 75 пайызы саналып, оның қорытындысы бойынша 58 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеген Грибаускайте Литва халқы бұған дейін бір де бір президентті екінші мерзімге сайламағанын айтып, өзінің жеңісін "тарихи оқиға" деп атады.

Оның қарсыласы Зигмантас Бальчитиске сайлаушылардың 42 пайызы қолдау білдірген.

11 мамыр күні өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде Даля Грибаускайте мен Зигмантас Бальчитис өзге кандидаттардан озған еді.

Совет Одағы мен АҚШ-та қатар білім алған Грибаускайте 2009 жылы Литваның тұңғыш әйел президенті болып сайланған. Грибаускайте биыл Ресейдің Украинадағы әрекетін сынаған.
XS
SM
MD
LG