Accessibility links

Дэвид Кэмерон Ұлыбританияны ЕО-дан шығаруды тездетуді қолдамады


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өз елінің Еуропа Одағынан шығуы туралы референдумды тездетіп өткізуге шақырған үндеулерді қабылдамады. Бұл туралы Кэмерон өзінің Консервативтік партиясы Еуропарламентке сайлауда соңғы үшінші орын алып қалғаннан кейін сөйлеген сөзінде айтты.

Сайлауда Кэмеронның партиясынан Еуропа Одағына қарсы "Ұлыбритания тәуелсіздігі партиясы" мен лейбористер партиясы басым түскен.

12 округтің онындағы берілген дауыстарды есептеген кездегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 27 пайызы "Ұлыбритания тәуелсіздігі партиясын" қолдап дауыс берген. Кэмерон келесі жылы премьер-министр қызметіне қайта сайланса, 2017 жылдың соңына дейін Ұлыбританияның Еуропа Одағына мүшелігі туралы референдум өткізуге уәде берген.

Консервативтік партиясындағы кейбір Еуропа Одағына қарсылар Кэмеронды референдумды 2016 жылы - парламент сайлауларына дейін өткізуге шақырған.

26 мамыр күні Дэвид Кэмерон Еуропарламентке сайлаудың нәтижелері "жұрттың Еуропа Одағынан қатты көңілі қалғанын айқын көрсетеді" деген еді.
XS
SM
MD
LG