Accessibility links

Ресей президенті Астанаға келді


Ресей президенті Владимир Путинді (ортада) Астана әуежайында Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (сол жағында) қарсы алды. 29 мамыр 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путинді (ортада) Астана әуежайында Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов (сол жағында) қарсы алды. 29 мамыр 2014 жыл.

Бүгін таңертең Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді. Мұнда ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің саммитіне қатыспақ.

Саммитте президенттер үш ел арасындағы Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қоймақшы.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанаға 28 мамыр күні келгені хабарланған.

Саммитке Қырғызстан мен Армения президенттері де қатыспақшы. Жиында Арменияның Еуразия экономикалық одағына қосылуы туралы өтініші талқыланады.

Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге қол қойылғаннан соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жеке кездесіп, Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу туралы келісімге де қол қояды деп жоспарланып отыр.

АЭС Қазақстанда совет кезінде Семей ядролық сынақ полигонының орталығы болған Курчатов қаласында ресейлік технологияны пайдаланып салынады деп хабарланған. АЭС құрылысының мерзімі туралы әзірге жарияланған жоқ.
XS
SM
MD
LG