Accessibility links

ҰБТ сынағынан 20 мыңнан аса түлек өте алмады


"Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланған 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары.
"Вконтакте" әлеуметтік желісіне жарияланған 2014 жылғы ҰБТ тапсырмалары.
Биыл Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) сынағын тапсырған 87 мыңнан аса түлектің 20 мыңнан астамы межелі 50 балды жинай алмады.

Ұлттық тест орталығының хабарлауынша, маусымның 2-і мен 8-і аралығында өткен ҰБТ сынағын 87 мың 593 түлек тапсырып, оның 20 мың 236-сы қажетті 50 балды жинай алмаған. Ең жоғарғы 125 балды 4 түлек жинаған. 13 мың 137 түлек 100 балдан асырған.

Биыл тест сұрақтары сынақ басталған алғашқы күні-ақ жастар жиі қолданатын "ВКонтакте" және "Мой мир" әлеуметтік желілерінде жарияланып кетті. Сынақ кезінде кейбір түлектер ҰБТ-ны өткізу процесіне, тест сұрақтарының мазмұнына наразылық шағым білдірген.
XS
SM
MD
LG