Accessibility links

AI Тәжікстанды белсендіні дереу босатуға шақырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау (АІ) ұйымы Душанбені "мемлекетке сатқындық жасады" және "тыңшылық жасады" деп айыпталған тәжікстандық белсенді студент Александр Содиковты дереу және ешқандай шартсыз босатуға шақырды.

АІ бұл туралы 25 маусымда таратқан мәлімдемесінде айтқан.

Канадада тұратын 31 жастағы Тәжікстан азаматы Содиков Тәжікстанның оңтүстігіндегі Хоруг қаласында 16 маусым күні азаматтық белсенділермен кездескеннен соң бірден тұтқындалған. Содиковпен кездескендердің арасында белсенді Алим Шерзаманов та бар.

Шерзаманов мамыр айында Хоругта полицияның күдікті адамдарға қарсы операциясына наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

Содиков өзінің Орталық Азияға Торонто университеті мен Ұлыбританиядағы Эксетер университетіндегі докторлық зерттеулері аясында сапарлап жүргенін айтады.

Өткен аптада Amnesty International, Freedom House және Human Rights Watch ұйымдары Содиковтың қамалуына алаңдаушылық білдіріп мәлімдемелер жасаған еді.

XS
SM
MD
LG