Accessibility links

Израиль Газа секторын бомбалады


Израиль әуе күштерінің Газа секторына соққы беруі. 1 маусым 2014 жыл.

Израиль әуе күштерінің Газа секторына соққы беруі. 1 маусым 2014 жыл.

Израильдің әскери әуе күштері бүгін Газа секторындағы ондаған нысананы атқылады.

Содырларға қарсы армия рейд жүргізіп жатқан Иордан өзенінің батыс жағалауында, содырларды тұтқындау кезінде бір палестиналық қаза тапты.

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, ұшақтар Газа секторындағы 30-дан астам нысанды атқылаған. Ол нысанның көбінің радикалды ХАМАС тобына қатысы бар. Бұл шабуыл соңғы күндері Газа секторынан Израиль территориясына қарай зымыран атқылауға жауап ретінде жасалып отыр.

30 маусым күні Хевроннан солтүстікке қарай Иордан өзенінің батыс жағалауында жоғалып кеткен израильдік үш жасөспірімнің денелері табылған. Ол 12 маусым күні хабарсыз кеткен еді. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху балалардың ұрлануын ХАМАС ұйымынан көріп, "кінәлілер жазаланады" деп мәлімдеген.

Бірақ ХАМАС "балалар өліміне қатысымыз жоқ" деп отыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун жасөспірімдер өлімін "бейбітшілікке жасалған жантүршігерлік қастандық" деп атады.

XS
SM
MD
LG