Accessibility links

АҚШ пен ЕО Ресейге жаңа санкциялар салды


АҚШ пен Еуропа Одағының тулары.
АҚШ пен Еуропа Одағының тулары.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейге салынған санкцияларды күшейтті. Вашингтон алғаш рет банк, әскери және энергетика салаларында нақты шектеу шараларын қолданбақшы. АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, ресейлік «Роснефть», «Внешэкономбанк», «Новатек» және «Газпромбанкке» қарсы санкциялар салынады.

Сонымен бірге АҚШ тарапынан санкцияға ілінген ресейлік шенеуніктер тізіміне Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жедел ақпарат және халықаралық байланыстар қызметінің жетекшісі Сергей Беседа, Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Сергей Неверов, Қырым ісі бойынша министр Олег Савельев пен Ресей президентінің көмекшісі Игорь Щеголев енгізілді.

Сәрсенбіде Брюссельдегі саммиттен соң Еуропа Одағы жетекшілері Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге келіскен. Саммит қортындысы бойынша мәлімдемеде «Қырымды аннексиялауға және Украинаның шығысындағы тұрақсыздыққа жауапты билік өкілдеріне белсенді түрде қаржылай және материалдық көмек берген адамдар мен ұйымдарға» қарсы шаралар қолданылатындығы айтылған.

Еуропа Одағына мүше 28 елдің басшылары бұған қоса Еуропалық инвестициялық банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан Ресей экономикасына инвестиция бөлуді тоқтата тұру жайлы ұйғарымға келген.

XS
SM
MD
LG