Accessibility links

Астанадағы аштық акциясы аптаға жуықтады


Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдердің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Жедел жәрдем дәрігері аштық жариялаған әйелдердің денсаулығын тексеріп отыр. Астана, 8 тамыз 2014 жыл.

Астанада үйлерін сүріп, жерлерін "мемлекет қажетіне" алуға қарсы бес әйелдің аштық жариялап жатқандарына жетінші күнге ұласты. Бұрынғы саяжай жеріне салынған үйлердің тұрғындары президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді және қала билігінен өздерін күштеп көшіру туралы сотқа берген шағымын қайтарып алуды талап етіп отыр.

Акцияға қатысушылардың бірі Алтын Червалиева Азаттыққа әйелдерді аштық қысып, бастары айналатынын айтады. Аштық акциясы осы әйелдің үйінде өтіп жатыр.

Бүгін сот орындаушысы Алтын Червалиеваға үйі 15 тамызда сүрілетіні туралы ескерту қағазын тапсырған. Оның айтуынша, 11 тамызда өзіне білім және ғылым министрлігінің өкілі телефон шалып, аштық жариялап жатқандарға балаларына мектепке киетін киім алып беруді ұсынған. "Шенеуніктер не үшін аштық жариялап жатқанымызды дұрыс түсінбесе керек" дейді олар.

Астанада баспанасы тұрған жер телімдерін «мемлекет қажетіне» алуға наразы тұрғындар бұған дейін бірнеше рет қарсылық акцияларын өткізген. Қала билігі олардың жер телімдері бұрынғы саяжай аумағында болғандықтан қазіргі ұсынылған өтемақымөлшерінен артық ақша берілмейтінін айтады. Шілдеде бас прокуратура Астанадағы бұрынғы саяжай жерлерін мемлекет иелігіне алу «заң талаптарына қайшы келмейтінін» мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG