Accessibility links

АҚШ: Ресей көмекті Украинаның бақылауымен ғана жеткізсін


Украинаның шығысына гуманитарлық жүк апара жатқан ресейлік көліктер. Ресей, 12 тамыз 2014 жыл.
Украинаның шығысына гуманитарлық жүк апара жатқан ресейлік көліктер. Ресей, 12 тамыз 2014 жыл.

АҚШ Ресейдің Украинаның шығысына жөнелтетін "гуманитарлық көмегі" шекарадан өтерде украин кеденшілерінің тексеруінен өткізіліп, содан кейін ғана ары қарай таратылу үшін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне тапсырылуы тиіс деп санайды.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мэри Харфтың айтуынша, осы процестердің барлығынан өткен жағдайда ғана АҚШ гуманитарлық көмек көрсетілгенін қолдайды. Харф Ресей жөнелтетін көліктерде айтылғандай гуманитарлық емес, басқа жүк болуы мүмкін және Мәскеу оны Украинаға кіру амалы ретінде пайдалануы ықтимал деген алаңдаушылығын білдірді.

Харф АҚШ өкілдері 12 тамыз күні украиналық әріптестерімен сөйлескенін, Украина жағы Ресейдің Луганск қаласына көмек көрсетуін қолдайтынын білдіргенін айтады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбіде Украина сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмекті қабылдауға дайын екендігі туралы нота жолдағанын хабарлаған.

12 тамыз күні ресейлік ақпарат құралдары Мәскеу облысынан Украинаның шығысына гуманитарлық жүк тиеген 280 көліктің жолға шыққанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG