Accessibility links

"Gulnar Tour" лицензиясынан айырылды


"Gulnar Tour" компаниясының Алматыдағы кеңсесі. 5 тамыз 2014 жыл.
"Gulnar Tour" компаниясының Алматыдағы кеңсесі. 5 тамыз 2014 жыл.

Клиенттерін туристік сапармен Түркияға ұшыра алмай, үстінен іс қозғалған "Gulnar Tour" компаниясы лицензиясынан айырылды деп хабарлады бүгін Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің туризм департаменті.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ашық сот процесінде «Gulnar Tour» компаниясын лицензиясынан айыру туралы Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті берген шағымды қарап, оны қанағаттандыру туралы шешім шығарған.

«Gulnar Tour» компаниясына қатысты дау биыл шілденің басында басталған еді. Туристік жолдаманы осы компаниядан алған жүздеген азамат Түркиядан қайта алмай және ол жаққа ұша алмай қалған. Кейін «Gulnar Tour» туристік компаниясының үстінен шағымданған 30-ға жуық азаматтың берген арыздары негізінде қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-тармағы бойынша («алаяқтық жасау») іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG