Accessibility links

Порошенко "Санкциялар туралы" заңға қол қойды


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Киевтің Ресейге санкция салуына мүмкіндік жасайтын "Санкциялар туралы" заңға қол қойды. Заң Украина парламентінің ресми сайтында жарияланды.

Заңда 29 түрлі шектеу шараларын енгізу қарастырылған. Олардың арасында "Украина территориясы арқылы энергоресурстарды тасымалдауға, ұшырылымдарға ішінара шектеу қою немесе мүлдем тыйым салу, активтерді бұғаулау және сауда операцияларын шектеу" де бар.

Заңда шектеу шараларын енгізуге "шет мемлекеттің немесе шетелдік тұлғалардың Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігіне, қауіпсіздігіне, ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін әрекеттері" себеп болғаны айтылады. Санкция салу туралы ұсынысты Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қарайды.

Заң жобасын парламент 14 маусым күні мақұлдаған. Жоба мақұлданбай тұрып одан бұқаралық ақпарат құралдарына санкция салу және телетрансляция жасауды тоқтату туралы ұсыныстар алынып тасталған.

Заң Украина азаматтары мен компанияларына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG