Accessibility links

Ресейге қарсы жаңа санкциялар күшіне енді


ЕО туы. (Көрнекі сурет).

ЕО туы. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің мұнай компанияларына, қорғаныс кәсіпорындарына, мемлекеттік банктеріне салған санкция бүгін ЕО-ның ресми журналында жарияланып, күшіне енді.

Санкция бойынша, ресейлік "Роснефть", "Транснефть", "Газпромнефть", "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы", "Уралвагонзавод" компаниялары мен "Оборонпром" холдингінің еуропалық нарыққа кіруіне, оның ішінде ұзақ мерзімдік несиелер алуына тыйым салынады.

Компаниялардан өзге ресейлік 24 азаматқа виза беруге тыйым салынып, олардың қаржылық активтері бұғауланады.

Соңғы күндері ЕО елдері "Минскіде Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтату туралы бітім жасалған соң Ресейге санкциялар салу қажет пе, жоқ па?" деген мәселеде біраз дауласқан. Еуропа кеңесінің басшысы Херман Ван Ромпей осыған орай санкциялар қыркүйектің соңына қарай бітімнің қаншалықты сақталғанына талдау жасалған соң алынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Мәскеу ЕО-ның жаңа санкциялар салғанына өкініш білдіретінін" айтты.

XS
SM
MD
LG