Accessibility links

Украина-ЕО сауда келісімін іске қосу мерзімі шегерілді


ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Карел де Гюхт.

ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Карел де Гюхт.

ЕО мен Украина "еркін сауда" келісімін іске қосу мерзімін 2015 жылдың желтоқсанына шегерді. Бұл туралы ЕО-ның сауда жөніндегі комиссары Карел де Гюхт 12 қыркүйек хабарлады.

Оның айтуынша, келісімді іске қосу мерзімінің шегерілгеніне қарамастан, Украина товарлары үшін Еуропа Одағы нарығы біртіндеп ашыла береді.

Ол бұл мәлімдемесін Брюссельде Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин және Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевпен кездесіп шыққаннан кейін жасады. Де Гюхт "мұндай шешімге Украина экономикасының шатқаяқтап тұрғаны себеп болды" дейді.

Ол "15 ай уақыт қосымша ұсыныстар мен ескертулерді жинауға берілді" дейді.

Ресей Украина мен ЕО арасындағы "еркін сауда" келісімінің өз экономикасына зиян келтіретінін ескертіп, ол шарт іске аса бастаған жағдайда Украина товарларының өз аумағына кіруіне тыйым салатынын мәлімдеген.

Украина және Еуропа Одағы парламенттері бұл келісімді 16 қыркүйек күні бір уақытта ратификациялауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG