Accessibility links

ЕО мен АҚШ ұйғыр ғалымына сот үкімін айыптады


Қытайда сотталған ұйғыр ғалымы Ильхам Тохти.

Қытайда сотталған ұйғыр ғалымы Ильхам Тохти.

Еуропа Одағы (ЕО) мен АҚШ Қытай билігінің танымал ұйғыр ғалымы әрі құқыққорғаушы Ильхам Тохтиге шығарған үкімін айыптады. 23 қыркүйекте Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласының соты Тохтиді сепаратизмге қатысты айыптап, өмір бойы түрме жазасына кескен.

Еуроодақ Қытай сотының үкімін "мүлдем қисынсыз" деп атап, ғалымды дереу босатуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "қатал үкім профессор Тохтидің Қытайдағы ұйғырлардың құқықтарын бейбіт түрде қорғау әрекеттерін жазалауы болып саналады" деген.

Сарапшылардың болжамы бойынша, сот шешімі Пекиннің этникалық азшылықтар құқығына қатысты өзгеше ойлауға төзбейтінін көрсетеді.

Ильхам Тохтидің адвокаты France Press агенттігіне ғалымның үкімге шағымданатынын айтады.

XS
SM
MD
LG