Accessibility links

Обама: АҚШ Гонконгтағы толқуды назарда ұстап отыр


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Гонконгтағы наразылық шерулерін жіті назарда ұстап отырғанын айтып, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды. Обама бұл жайында 1 қазанда Ақ үйде Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесуінде айтқан.

Ақ үйдің таратқан мәлімдемесінде «АҚШ Гонконгтың тұрақтылығы мен көркеюі үшін аса маңызды ашық жүйені қолдайтыны» айтылған. Ван И кездесуде Гонконгтағы наразылықтарды Қытайдың «ішкі ісі» деп атап, басқа мемлекеттерді өз елінің егемендігін құрметтеуге шақырған.

Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте 26 қыркүйектен бері жалғасып жатқан наразылықтарға Пекиндегі орталық үкіметтің 2017 жылға белгіленіп отырған аймақтың келесі басшысын сайлауға қатысты енгізген шектеулері себеп болған. Демонстранттар Гонконг әкімшілік аймағының басшысы Лян Чжэньиннің отставкаға кетуін және Пекиннен Гонконг тұрғындарына аймақтың келесі басшысын еркін сайлауға мүмкіндік беруін талап етіп жатыр.

Сәрсенбі күні шерушілер егер Лян Чжэньин 2 қазанға дейін отставкаға кетпесе, белсенді іс-қимылға көшетінін ескерткен.

XS
SM
MD
LG