Accessibility links

Солтүстік Корея лидері салтанатты шараға қатыспады


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея бүгін биліктегі Жұмысшылар партиясының құрылғанына 69 жыл толғаны атап өтіп жатыр.

Мемлекеттік ақпарат құралдары атаулы күнге қатысты ел президенті Ким Чен Ынды мадақтаған хабарлар таратқанымен, оның салтанатты шараларға қатысқаны, я қатыспағаны жөнінде ақпарат бермеді.

Солтүстік Кореяның авторитарлық басшысының көпшілік алдына шықпағанына бір айдан асып кеткендіктен, ел ішінде оны ауруға шалдықты деген сөздер көбейе түскен. Бұл елдегі телеарналар 31 жастағы Ким Чен Ынды 3 қыркүйекте өткен концерттен бері көрсетпеді.

3 қыркүйекте көрсетілген кадрлардан Ким Чен Ынның бұрынғыдай емес, аяғын сылтып басатыны әрі толып кеткені байқалған. Қыркүйекте тараған ресми мәлімдемеде Кич Чен Ынның "сырқаттан" айығуға күш салып жатқаны айтылады.

XS
SM
MD
LG