Accessibility links

Берлин Мәскеумен кеңесулер өткізуден бас тартты


Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) Франция жеріндегі мерекелік шарада. Нормандия, 6 маусым 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) Франция жеріндегі мерекелік шарада. Нормандия, 6 маусым 2014 жыл.

Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресеймен саяси диалог деңгейін төмендету туралы шешім қабылдаған Германия үкіметі бұған дейін екі елдің министрлері мен үкімет жетекшілері деңгейінде өткізуге жоспарлаған кеңесулерден бас тартып отыр деп жазады Spiegel журналы. Бұл шешім Украина жанжалында Ресейдің роліне бола қабылданып отыр дейді Германия үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған басылым.

Бұған дейін Германия мен Ресей арасындағы үкіметаралық кеңесулер 2001 жылы екі ел жетекшілері құрған «Петербург диалогы» форумының мәжілістерімен бір мезгілде өтіп келген болатын. Биылғы форум қыркүйектің аяғында Сочи қаласында өтуі тиіс еді, бірақ Сочиде Германия мен Ресей ресми өкілдерінің кездесуі өтетіндігі туралы әлі күнге ешқандай ресми ақпарат болған жоқ. Бұған дейін дәстүрлі «Петербург диалогы» форумының жұмысына қатысып келген германиялық үкіметтік емес ұйымдар Украина мәселесіне қатысты Ресейдің ролімен келіспейтіндерін мәлімдеп, биылғы жылы ресейлік әріптестерімен кездесуден бас тартты деп хабарлады Deutche Welle.

Бұдан бір апта бұрын Кремльдің баспасөз қызметі Германия президенті Йоахим Гаук пен канцлер Ангеле Меркельге ұлттық мейрам – Германия бірлігі күнімен құттықтап жеделхаттар жолдаған. Онда «Еуропадағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің баянды болуы үшін серіктестікті жалғастыруға» тілек айтылған еді.

XS
SM
MD
LG