Accessibility links

Қырым билігі "тыйым салынған діни әдебиет" жайлы ескертті


Діни әдебиеттер. (Көрнекі сурет).
Діни әдебиеттер. (Көрнекі сурет).

Қырымның ресейшіл билігі түбектің исламды ұстанатын тұрғындарына 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін "тыйым салынған әдебиеттерден арылуға" шақырды.

Қырым басшысы Сергей Аксенов Симферопольде журналистерге билік Украина билігі рұқсат еткен, бірақ Ресей заңдары бойынша "заңсыз" деп саналатын ислам діни әдебиеттерін үш айға дейін тәркілемей қоя тұратындарын ескертті. Ол "тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі" таяуда баспасөзда жарияланатынын да айтты.

Бұған дейін, 13 қазанда Қырым мұсылмандарымен кездесуінде Аксенов жергілікті билік тыйым салынған баспа өнімдерін тартып алуды тоқтататынын айтқан еді.

Қырымда исламды ұстанатындардың көпшілігі этникалық татарлар. Наурыз айында Ресейдің Қырымды аннексиялауына қарсы шыққандардың басым бөлігі де осы этникалық татарлар болатын.

Этникалық татар қауымдарының жетекшілері соңғы апталарда "тыйым салынған ислам әдебиеттері бар" деген сылтаумен полицияның тексеруіне ұшырай бастағанын айтады.

XS
SM
MD
LG