Accessibility links

Гонконгтегі шеруге ай толды


Қытайдың ерекше аймағы Гонконгте билікке демократиялық құқықтарды сақтау туралы талап қойып көшеде шатыр тігіп жатқан демонстранттардың наразылық шеруіне 28 қазанда тура бір ай толды. Осы мерзім ішінде билік шеруді таратуға жұмсаған полиция наразылар құрған баррикадалардың бір бөлігін бұзып, демонстранттарға көзден жас ағызатын газ да шашты. Бірақ билікке бағынбаған наразылар, қатты жел мен жауынға қарамастан, көшеден кетпей отыр. 21 қазанда наразылармен кездескен билік өкілдері шеруде қойылған талаптың Бүкілқытай халық жиынында қабылданған шешімге қайшы екенін алға тартты. Гонконг шерушілері 2017 жылға тағайындалған аймақ басшысын сайлау еркін өтуін талап етеді. Алайда Қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді. Гонконг, 28 қазан 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG