Accessibility links

Рубль бағамы тағы арзандады


Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. (Көрнекі сурет)

Мәскеу қор биржасы тарихында еуроның рубльге шаққандағы бағамы алғаш рет қымбаттап, бүгін сауда барысында 54 рубльге дейін жетті. Ресей рублі еуро мен АҚШ долларын қоса алғандағы бивалюталық бағам бойынша да арзандай түсті.

Ресей Орталық банкі бүгін ертеңгілік сауда-саттықтың алғашқы минуттарында рубльдің құнсыздануын тежеу үшін интервенция көлемін бір жарым миллиард АҚШ долларына көбейткен. Бұл сома валюта секциясындағы сауда көлемінің тең жарымын құрайды.

Бүгін Ресей Орталық банкі валюта жұбы бағамының шегін 35 тиынға дейінгі шамаға еркін жіберген. Валюта жұбы бағамының шегі қазан айының басынан бері осымен он бесінші рет өзгертіліп отыр. Ал осы мерзім ішінде валюта жұбының бағамы 3 рубльге дейін өскен.

Сарапшылар Ресей рублінің құнсыздану үрдісін әлемде мұнай бағасының арзандауымен, сыртқы саяси жағдайлар, оның ішінде Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы салынған санкциялармен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG