Accessibility links

Украина парламенті сайлауының толық нәтижесі шықты


Украина орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский.
Украина орталық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Охендовский.

Украина орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының түпкілікті нәтижесін жария етті. Ресми ақпаратқа сәйкес, Жоғарғы Радаға алты саяси партия өткен.

«Халық майданы» («Народный фронт») партиясы дауыс берген сайлаушылардың 22,14 пайызының қолдауына ие болған. Сол сияқты, «Петр Порошенко блогы» - 21,81 пайыз, «Самопомич» бірлестігі - 10,97 пайыз, «Оппозициялық блок» - 9,43 пайыз, Олег Ляшконың Радикалдық партиясы - 7,44 пайыз және экс-премьер Юля Тимошенко жетекшілік ететін «Батькивщина» - 5,58 пайыз дауыс жинаған.

Ал парламентке өту үшін қажетті бес пайыздық межеден өте алмаған саяси күштер арасында Олег Тягнибоктің «Свобода» ұлтшылдар партиясы, Украина коммунистік партиясы, Сергей Тигипконың «Мықты Украина» партиясы және өзгелер бар.

26 қазанда өткен Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауында Украинаның Еуропамен жақындасуын қалайтын батысшыл партиялар басым дауыс жинады. Бұл жолғы парламент сайлауына Украинаның 29 саяси партиялар мен бірлестіктер түскен еді.

XS
SM
MD
LG