Accessibility links

Британдық ұйым ресейлік телеарнаға ескерту жасады


RT телеарнасының логотипі. (Көрнекі сурет).
RT телеарнасының логотипі. (Көрнекі сурет).

Ұлыбританиядағы медиа нарықты реттеуші Ofcom ұйымы осы елде ағылшын тілінде хабар тарататын ресейлік RT (Russia Today) телеарнасына Украинадағы оқиғалар жөніндегі ақпараттарды бұрмалағаны үшін ескерту жасады.

Ofcom RT телеарнасын "Ұлыбританиядағы көрермендерге саяси оқиғаларды түрлі көзқарас тұрғысынан хабарлау ережесін бұзды" деп айыптады.

Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің хабарлауынша, Ofcom-ның ескертуінде "ресейлік телеарнаның хабарларында Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайларға қатысты украин тарапының позициясы айтылмайтыны" жазылған. Ұйым "осы арқылы Ұлыбританияда жұмыс істейтін ақпарат құралдарына міндетті бейтараптық және шынайылық ережесі бұзылды" деген.

Ofcom бұған қоса, "егер ресейлік телеарна Ұлыбритания заңдарын бұзуын жалғастыра берсе, заң бойынша айыппұл салу, елде жұмыс істеу лицензиясынан айыру сияқты шаралар қолданылатынын" ескертеді.

Ұйым бұған дейін де RT телеарнасына үш рет ескерту жасаған.

XS
SM
MD
LG