Accessibility links

Астанада терроризмге қатысты жиын басталды


Бүгін Астанада "Терроризм және интернет" деген тақырыпта халықаралық конференция басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған конференцияға оннан астам елден сарапшылар келген. Жиынға қатысып жатқандар арасында Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Наталья Зарудная бар. Жиыннан фото және видео түсіруге рұқсат етілмеген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, конференцияда сөйлеген Ерлан Қарин терроризммен күреске "интернеттің белгілі бір дәрежеде кедергі келтіріп отырғанын" отырғанын айтқан. Ол "Соңғы жылдары интернетте терроризмді насихаттау көбейіп келеді. Террористер, экстремистік ұйымдар интернетті жақсы меңгеріп алған" деген.

ЕҚЫҰ өкілі Наталья Зарудная терроризммен күресте сөз бостандығы, адам құқықтары ескерілуі тиіс екенін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG