Accessibility links

«Астана» тобының тағы бір мүшесі допингпен ұсталған


"Астана" құрлықтық велоспорт командасының мүшесі Артур Федосеев. Сурет команданың ресми сайтынан алынды.

"Астана" құрлықтық велоспорт командасының мүшесі Артур Федосеев. Сурет команданың ресми сайтынан алынды.

Халықаралық велоспорт федерациясының (UCI) мәлімдеуінше, тамызда өткен «Тур де Элен» жарысы кезінде «Астана» кәсіпқой велокомандасының мүшесі Артур Федосеевтен алынған қаннан рұқсат етілмеген препарат табылған.

20 жастағы спортшы барлық жарыстарға қатысу құқығынан айрылған. Оның жарыстарға нақты қай уақытта оралатыны белгісіз.

Осыған дейін «Астана» тобының мүшелері Виктор Окишев пен Илья Давиденок «допинг қолданды» деп айыпталып, команда құрамынан шығарылған еді.

«Астана» кәсіпқой клубынан ағайынды Валентин және Максим Иглинскилер де «допинг қолданды» деп айыпталып, төрт жылға спорттан шеттетілген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG