Accessibility links

Салтанат Ахметова - "Үлкен опера" байқауы жеңімпазы


Қазақстандық опера әншісі Салтанат Ахметова. Сурет astanaopera.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық опера әншісі Салтанат Ахметова. Сурет astanaopera.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық опера әншісі Салтанат Ахметова қарашаның 29-ы күні Ресей астанасында өткен «Үлкен опера» телевизиялық байқауының жеңімпазы атанды. Мәскеудің Чайковский атындағы консерваториясында өткен байқау финалында сынға түскен үш әншіге көрермендер смс-хабарламасы арқылы дауыс берген.

Тікелей эфирден көрсетілген өнер сынында қазақстандық әншімен бірге Беларусь елінің өкілі Илья Сильчуков пен ресейлік Василиса Бержанскаяның орындауында әлемдік деңгейде танымал үздік опера шығармалары шырқалды.

Көрермендер өнерін жоғары бағалаған қазақ әншісі ең көп дауыс жинады.

«Астана Опера» театрында опера труппасының әншісі Салтанат Ахметова Көкшетаудың Біржан сал атындағы музыка колледжі мен Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі. 2009 жылы Италияның вокал өнері академиясында тәлім алған, бірнеше халықаралық конкурстардың дипломанты.

XS
SM
MD
LG