Accessibility links

Египетте Мүбәраққа шыққан үкім наразылыққа ұласты


Египет астанасы Каирде полиция сенбі күні экс-президент Хосни Мүбәракқа демонстранттардың өліміне қатысты тағылған айыпты алып тастаған сот үкіміне наразылық білдіріп шеруге шыққандарды тарату үшін су мен жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ қолданған.

Билік орындарының хабарлауынша, Тахрир алаңы маңында жиналған елде қызметіне тыйым салынған «Мұсылман баурылар» қозғалысының жақтастары полицияға тас лақтыра бастаған соң полиция оларды күшпен таратуға кіріскен. Тахрир алаңын қоршауға алған полиция ол жаққа ешкімді өткізбей тұр.

29 қараша күні Египет соты Хосни Мүбәрактан және бұрын елде қауіпсіздік қызметінде жоғарғы лауазым иесі болған бірнеше адамнан 2011 жылы үкіметке қарсы ереуілге шыққан жүздеген адамның өлімі үшін тағылған айыпты алып тастаған еді. Сонымен бірге, сот Мүбәрак пен оның екі ұлына коррупияға қатысты тағылған айыптарды да алған.

Коррупцияға байланысты басқа бір іс бойынша үш жылға сотталып, жазасын үйқамақта өтеп жатқан 86 жастағы Хосни Мүбәрак өзіне тағылған барлық айыптауларды мойындамайды. Ол қазір Каирдегі госпитальде емделіп жатыр.

XS
SM
MD
LG