Accessibility links

Пеленің денсаулығы оңала бастады


Әйгілі футбол жұлдызы Пеле. Париж, 10 наурыз 2014 жыл.
Әйгілі футбол жұлдызы Пеле. Париж, 10 наурыз 2014 жыл.

Аты аңызға айналған бразилиялық футбол ардагері Пеленің жағдайы жақсарып келе жатқаны хабарланды. Өткен аптада ауруханаға жатқызылған науқас қазір гемодиализ аппаратынан ажыратылған.

Екі аптада бұрын бүйрегіндегі тасты алғызу үшін операция жасатқан 74 жастағы Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантис ду Насименту) кейін несеп жолдары инфекцияға шалдығып, қайтадан ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір өз-өзіне келген Пеле қарқынды терапиялық ем алып жатыр.

Бразилия құрамасының қатарында футболдан 1958, 1962 және 1970 жылдары әлем чемпионы атанған Пеле ойын алаңында бәсекелестің қақпасына мыңнан аса гол соққан. 1999 жылы халықаралық Олимпиада комитеті оны «ғасыр спортшысы» деп атаған.

XS
SM
MD
LG