Accessibility links

ҚҰКП: ЕАЭО шетел валютасынан бас тартуға келіспеген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚҰКП) бүгін Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрушы елдер "өзара есеп айырысқанда шетел валютасынан бас тартуға келіспегені және қазір бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізіліп жатпағаны" жайлы мәлімдеме таратты.

Қараша айының соңында "Еуразиялық интеграция: жетістіктері мен проблемалар" деп аталатын Қазан қоғамдық форумында Ресейдің өндірісшілер және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, ұлттық төлем кеңесі директорлар кеңесінің төрағасы Александр Мурычев "ЕАЭС аясында мемлекеттер арасында доллармен және еуромен операция жасауға тыйым салу қажетін" мәлімдеген.

ҚҰКП "доллар мен еуродан бас тартуды Александр Мурычевтің жеке пікірі деп санайды және кәсіпкерлерден ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сүйенуді сұрайды".

ҚҰКП ЕАЭО-ға мүше елдердің сыртқы сауда операцияларында ұлттық валюталардың рөлін күшейту тыйым салу мен шектеулер арқылы емес, ынталандыру мен жеңілдіктер арқылы жүргізілуі тиіс деп санайды.

XS
SM
MD
LG