Accessibility links

"Саясат алаңы" газетіне айыппұл салынды


Оппозициялық «Саясат алаңы» газетінің өкілі Инга Иманбай

Оппозициялық «Саясат алаңы» газетінің өкілі Инга Иманбай

Алматы қаласының әкімшілік соты оппозициялық «Саясат алаңы» (Трибуна) газетіне 100 доллар көлемінде айыппұл салды. Газет Алматы тұрғыны Көпесбай Жамсеитовке екі миллион теңге (11 мың АҚШ долларындай) айыппұл төлеу туралы сот шешімін орындамады деп айыпталды.

«Саясат алаңының» өкілі Инга Иманбайдың газет орындау парағын тек қарашаның соңында алғаны туралы, ал заң бойынша айыппұлды үш жыл ішінде төлеп шығуға болады деген уәждері қабылданбады. Ол Азаттыққа әкімшілік сот шешімінің үстінен Алматы қалалық сотына арызданатынын айтты.

Бұл жолы газеттің үстінен талап-арызды Алматы қаласының сот орындаушылар департаменті түсірген. Арызға сәйкес газет зейнеткер Көпесбай Жамсеитовке "моральдық шығын келтіргені үшін төлейтін айыппұлды заңсыз түрде кешіктірген". Бұған дейінгі соттарда зейнеткер «Биліктің менталитеті — билеп-төсте, халықты тона, оңтайлы сәтті жіберме» деген газет мақаласының тақырыбы өзіне моральдық шығын келтірді деп мәлімдеген еді.

«Саясат алаңы» маусымда Медеу аудандық сотының моральдық зиянды өтеу туралы шешімін Алматы қалалық соты апелляциялық коллегиясында қайта қаратып, өзгерте алмаған. Бұдан соң газет шықпай қалды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG